Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады, жел тұады және бұрқасын болады деп күтілуде

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады, жел тұады және бұрқасын болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етуін жалғастырады, соған байланысты бұл аудандарда кей жерлерде қар жауады.   Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады,  жел күшейеді,   солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігі мен орталығында көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты,  түнде аздаған қар жауады. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан  5-10 м/с жел тұрады.  Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз -2-4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады.  Ауа температурасы  күндіз -1-3, түнде -9-11.
Шымкентте құбылмалы бұлтты,  жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -4-6,  күндіз +5+7.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1-5, түнде –12-17.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, көктайғақ. Күндіз  -3-8, түнде -5-10.  
Атырау облысында жауын-шашынсыз, көктайғақ.  Күндіз 0+5, түнде -2-7  
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз -1-6, түнде -10-15
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5,   түнде -3-8.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, көктайғақ.  Күндіз +2+7, түнде -2-7.  
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз,  кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.  Күндіз -4-9, түнде -13-18.    
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, көктайғақ.   Күндіз -12-17,     түнде -4-9.
Қостанай облысында  жауын-шашынсыз, тұман. Күндіз 0-5, түнде -5-10.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жауады,   тұман түседі, көктайғақ.  Күндіз -6-11 (оңтүстігінде -18-23), түнде -2-7 (оңтүстігінде -10-15).
Алматы облысында  жауын-шашынсыз, тұман күтіледі,   кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады.    Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз.  Күндіз +4+9 (солтүстігінде +1), түнде -4+1.      
Павлодар облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде қар жауады, тұман, көктайғақ.  Күндіз -7-12, түнде -2-7.
  «Алдағы тәулікте  республиканың оңтүстік-шығысындағы және оңтүстігіндегі жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер


adimage