Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде синоптиктер қар жауады деп болжайды

Күні: 09:17, 06-03-2019.

Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде синоптиктер қар жауады деп болжайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды, солтүстігінде көбіне қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісін қар жауады. Кейде төменнен сырма соғады, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы күндіз 0-2, түнде -8-10.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +6+8, түнде 0 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +9+11, түнде 0+2.
Ақмола облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ, кей жерлерде түнде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары, бұрқасын тұрады. күндіз -3+2, түнді -7-12.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашын күтіледі, тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары, бұқасын. Күндіз ауа температурасы 0-5, түнде -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерде 30 м/с және одан жоғары. Ауа температурасы күндіз +3+2, түнде -8-13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, төменнен сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз және түнде -2+3.
Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, көктайғақ, күндіз - төменнен сырма соғады, көктайғақ, 15 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -5-10.
Павлодар облысында түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -9-14.
Алматы облысында кей жерлерде аздаған жауын-шашынды, тұман. Ауа температурасы күндіз +6+11, түнде -3+2.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз +5+10, түнде -2-7.
Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +7+12, түнде 0+5.
Қарағанды облысында да жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4+1, түнде -9-14.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде -1+4.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысы мен батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты мұз қату құбылыстарының ары қарай әлсіреуі жалғасады, қар суы мен ағын сулар қалыптасады, су деңгейі көтеріледі», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: