Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашынсыз, қалған аумағында жаңбыр жауады

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашынсыз, қалған аумағында жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Бұрынғыша ҚР солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашынды. Кей жерлерде тұман түседі, күн күркірейді, көктайғақ, жел күшейеді, шығысында – жаяу сырма, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+10 жылы, түнде -7-9 шамасында.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады, түнде екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз және түнде +7+9 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, түнде нөсер жаңбыр жауады. Кейде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +11+13, түнде +6+8.
Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, жаяу сырма соғады, тұман түседі, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +2+7 (+10), түнде -5-10 (+5).
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -2-7.
Атырау облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +12+17, түнде +5+10.
Жамбыл облысында күн күркірейді, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман, көктайғақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12 (+4), түнде +2+7 (-3).
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11 (+14), түнде -1-6 (-9).
Түркістан облысында күн күркірейді, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, тұман, көктайғақ, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +9+14 (+17), түнде +3+8 (-3).
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +1+6 (-3).
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +8+13 (оңтүстігінде +16), түнде +1+6 (оңтүстігінде +9).
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +9+14 (оңтүстігінде +17), түнде -1-6 (оңтүстігінде +2).
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде қар аралас жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстігніде +13), түнде -7-12 (оңтүстігінде -2).
Алматы облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +7+12 (+3), түнде +4+9 (-3).
Маңғыстау облысында күндіз өткінші жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз, шаңды дауыл соғады, 15-20 жел тұрады, екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +22+27 (+18), түнде +10+15 (солтүстігінде +6).
Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде -5-10.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігнідегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысының маңындағы Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалады», - деп ескертті синоптиктер

adimage