Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік аудандарында қар жауады деп күтілуде

Күні: 09:23, 23-11-2018.

Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік аудандарында қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді фронталдық әрекет аумағында болады, соған байланысты жауын-шашын түседі, солтүстік аудандарында қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел тұрады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады», - делінген синоптиктердің болжамында.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, екпіні 15-20 м/с, күндіз   -4-6.  Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда  құбылмалы бұлтты, түстен кейін жауын-шашынды,  3-8 м/с жел тұрады, түнде ауа температурасы шамамен 0, күндіз +9+11.
Павлодар облысында қар күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде көктайақ, бұрқасын, -3-8.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында  кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с, +7+12, +2+7.
Түркістан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, тұман,  15-20 дейін жел күшейеді, күндіз екпіні 23-28 м/с, +9+14.
Ақмола облысында кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, тұман, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 25 м/с, -2-7.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ, бұрқасын, 15-22 м/с жел тұрады, -3+2, -3+2.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қар жауады деп күтілуде, бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, -2-7, -5-10.
Маңғыстау облысында кей жерлерде қар күтіледі, тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +3+8.  
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, 0-5.
Алматыда, күндіз Атырау облысында кей жерлерде қар, 15-0 м/с жел тұрады, +6+11, -2+3.
Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын, 15-20 м/с жел тұрады, -2-7.
Алдағы тәулікте республиканың солтүстігіндегі су нысандарында  ары қарай мұз қату құбылысы жалғасады. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген өзендерде сеңнің қалыптасуынан су деңгейінің көтерілуі мүмкін.  


Жаңалықтармен бөлісу: