Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды

Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды, тек солтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, күн күркірейді, бұршақ жауады, көктайғақ, жел тұрады, оңтүстігінде дауыл соғады», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, кешке қарай арты қара ұласады). Түнде және ертеңгісін тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз+7+9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +10+12, күндіз +14+16.
Шымкентте күн блтты, түнде күн күркірейді, 1-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +21+23, түнде +9+11.
Ақмола облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, кей жерлерде түнде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -2+3.
Солтүстік Қазақстан облысында аздаған жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде – тұман, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с болады. Күндіз және түнде -2+3.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз күн күркірейді, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Жамбыл облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жауады, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +16+21, түнде +11+16.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған ажңбыр жауады, арты қарға ұласады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз -2+3, түнде -1-6.
Қарағанды облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, күндіз көктайғақ болады. Күндіз +7+12, түнде 0-5.
Атырау облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 18-23 м/с жетеді. Күндіз +5+10, түнде +4+9.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін – тұман. екпіні 25 м/с жетеді. Күндіз +7+12, түнде -3+8.
Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. күндіз +17+22, түнде +7+12.
Түркістан облысында кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз +21+26, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде 15-20 м/с желтұрады. Күндіз +6+11, түнде -2+3.
Алматы облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз +13+18, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз +16+21, түнде +9+14.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +5+10, түнде -3+2.
«Алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы, шығысындағы өзендерде жаңбыр жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. ШҚО өзендерінде ауа температурасының жылынуынан және жауын-шашын салдарынан мұздардың ары қарай еруі жалғасады, жерглікті және беткейлік ағыстар қалыптсады, өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Жазықтық аумақтардағы жекелеген өзендерде (Ақмола, БҚО, Қостанай облыстарында) және республиканың орталығында су деңгейінің құбылуы байқалады, көбіне су көлемі азаяды. Солтүстік Қазақстан облысының өзендерінде Сергевский су қоймасының төменгі жағында су деңгейінің көтерілуі мен су тасулар болуы мүмкін», - деді синоптиктер.

adimage