Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік өңірлерінде бұрқасындатып қар жауады деп күтілуде

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында сәрсенбі күні кей жерлерінде бұрқасындатып қар жауады, көктайғақтанады, қалған аумағында – жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз қар жауады, бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 0-2 болады.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, түнде және таңертең тұман түседі, 0-5 м/с жел тұрады, ауа температурасы +3+5.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 27 м/с болады, ауа температурасы сәйкесінше, -4+1 және 0+5.
Ақмола облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, Павлодар облысының кей жерлерінде аздап қар жауады, осы өңірде кей жерлерінде бұрқасын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 27 м/с болады, кей жерлерінде 30 м/с болады, күндіз ауа температурасы 0-5.
Қарағанды облысының жауын-шашын күтілмейді, кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, 0-5 градус. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, таңертең кей жерлерінде тұман, жолдарда көктайғақ, ауа температурасы 0-5.
Алматы облысының таулы аудандары мен тау бөктерлерінде аздап қар жауады, кей жерлерінде тұман түседі, күндіз ауа температурасы 0+5.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жауын күтілмейді, кей жерлерінде тұман түседі, ауа температурасы сәйкесінше, +1+6, +4+9 және +3+8.
Маңғыстау облысында жауын күтілмейді, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +3+8. Атырау және Батыс-Қазақстан, Ақтөбе облысында жауын күтілмейді, ауа температурасы сәйкесінше, +3+8, +1+6 және -2+3.
Жақын күндері оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығысының таудағы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Еліміздің солтүстігіндегі су қоймаларындағы су біртіндеп салқындап, жекелеген өзен-көлдерде мұз қату үдерісі басталады.

adimage