Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік-шығысында кей жерлерде аздаған қар жауады

Күні: 09:18, 14-11-2018.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ Сәрсенбі күні Қазақстанның   солтстік-шығысында кей жерлерде аздаған қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың солтүстік-шығысында кей жерлерде аздаған қар жауады, қалған аумағында- ауа райы жауын-шашынсыз.   Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік және шығыс бөлігінде екпінді жел тұрады, төменнен сырма соғады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батысында   7-12 м/с жел тұрады, күндіз-5-7.  Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз,   0-5 м/с жел тұрады, күндіз -4-6
Жамбыл  облысында кей жерлерде ауа райы жауын-шашынсыз,   тұман, төменнен сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні  20 м/с, -4-9.
Түркістан, Маңғыстауда, күндіз Қызылорда және Қостанай облыстрында ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Түркістан облысынды – кей жерлерде тұман, сәйкесінше, 0+5, +2+7, 0+5, 0-5.
Павлодарда түнде қар жауады,түнде және ертеңгісін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, сәйкесінше, -3-8, -3-8.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде төменнен сырма соғады, -7-12.
Алматы облысында ауа райы жауын-шашынсыз, -3-8.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз, сәйкесінше,   -2+3, 0-5, 0-5.
Ақмола, Қарағанды өңірлерінде қар жауады, -2-7, -7-12.
  Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.  Жазықтық аумақтағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысы ары қарай жалғасады.


Жаңалықтармен бөлісу: