Сәрсенбі күні Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Қызылорда қ.: 15 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 15 шілдеде Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 18 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде 38-42 градус қатты ыстық сақталады. Ақтау қ.: 15 шілдеде күндіз жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда атап өтілгендей, 15 шілдеде Ақтөбе облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан 18 м/с жел тұрады.
«15-17 шілдеде Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Дауылдың ықтималдығы 85-100%.

adimage