Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Күні: 09:16, 16-01-2019.

Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, фронталдық бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде көктайғақ, тұман, жел күшейеді, шығысында-бұрқасын», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Солтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -7-9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, кейде жауын-шашынды, түнде тұман. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +3+5.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, түнде қар аралас жаңбыр жауады, 3-9 м/с жел тұрады. Түнде -1+1, күндіз +7+9.
Алматы облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, 15-20 м/с дейін жел тұрады, түнде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз -1-6, түнде -5-10.
Жамбыл облысында түнде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +3+8, түнде -2+3.
Түркістан облысында күндіз аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
Қызылорда облысында күндіз және түнде аздаған жауын-шашынды, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -1-6
Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде қар жауады, тұман, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -3-8.
Ақмола облысында түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -7-12, түнде -10-15.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -7-12, түнде -16-21.
Қарағанды облысында түнде және күндіз қар жауады, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, көктайғақ, 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -0-5.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз -8-13, түнде -15-20.
Павлодар облысында түнде және күндіз аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -5-10, түнде -8-13.
«Алдағы тәулікте Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде жауын-шашын салдарынан су деңгейінің көтерілуі күтіледі, оңтүстік - шығыстағы өзендерде мұз қату үрдісінің әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: