Сәрсенбі күні KASE индексі 0,02%-ға 2273,64–ке өсті

Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,02% -ға 2273,22 -ден 2273,64-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 7,4 есе түсіп, Т384,8 млн. немесе $1000,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан халық банкі» АҚ (+0,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,04%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+2,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,8%), KAZ Minerals PLC (-0,3%), «Кселл» АҚ (-0,6%) және «KEGOC» АҚ (-0,2%) акцияларының бағасы түсті.

adimage