Сәрсенбі күні KASE индексі 0,05%-ға 2402-ге түсті

Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,05% -ға 2403,20-дан 2402,02-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,2 есе түсіп, Т31,5 млн. немесе $83,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,4%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,6%), «KEGOC» АҚ (+0,4%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,5%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-2,0%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,3%) акцияларының бағасы түсті.
«Кселл» АҚ құны өзгерген жоқ.

adimage