Сәрсенбі күні KASE индексі 0,1%-ға 2373,-ге түсті

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,13% -ға 2376,95-тен 2373,83-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3 есе өсіп, Т314,3 млн. немесе $831,8 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) акцияларының бағалары көтерілді.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,03%), KAZ Minerals PLC (-0,1%), «Кселл» АҚ (-1,4%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,3%) акциялары төмендеді.

adimage