Сәрсенбі күні KASE индексі 0,2%-ға 2307,64-ке түсті

Күні: 18:44, 20-11-2019.

Алматы. 20 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,2% -ға 2312,2-ден 2307,64-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 14% өсіп, Т986 млн. немесе $2546,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Кселл» АҚ (+1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+1,6%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ (-3,2%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,9%) бағасы түсті.
«Банк ЦентрКредит» АҚ және «KEGOC» АҚ акцияларының бағасы өзгеріссіз қалды.


Жаңалықтармен бөлісу: