Сәрсенбі күні KASE индексі 0,21%-ға 2167,5-ке түсті

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,21% -ға 2172,16 -дан 2167,5-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,9% түсіп, Т91,9 млн. немесе $237,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+1%) және «KEGOC» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,3%), KAZ Minerals PLC (-0,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) акцияларының бағасы түскен.

adimage