Сәрсенбі күні KASE индексі 0,25%-ға 2247,84-ке өсті

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,25% -ға 2242,15-тен 2247,84-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,1 есе өсіп, Т81,6 млн. немесе $213,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,2%), KAZ Minerals PLC (+0,9%), «Қазақтелеком» АҚ (+2,6%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,1%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,4%), «Кселл» АҚ (-0,9%) және «KEGOC» АҚ (-0,4%) акцияларының бағасы түсті.

adimage