Сәрсенбі күні KASE индексі 0,25%-ға 2291,5-ке өсті

Алматы. 15 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,25% -ға 2285,87 -ден 2291,5-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 4,2 есе түсіп, Т102,1 млн. немесе $269 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2,3%), KAZ Minerals PLC (+1,6%) және «Кселл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,2%), «KEGOC» АҚ (-0,6%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,004%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,9%)акцияларының бағасы түскен.

adimage