Сәрсенбі күні KASE индексі 0,3%-ға 2326,9-ға түсті

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,32% -ға 2334,30 -дан 2326,87-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 9,5% өсіп, Т307,4 млн. немесе $807,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,8%), «Қазақтелеком» АҚ (+4,5%) акцияларының бағасы өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-2,7%), «Кселл» АҚ (-2,5%), «KEGOC» АҚ (-2,4%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) акцияларының бағасы түскен.

adimage