Сәрсенбі күні KASE индексі 0,4%-ға 2263,6-ға түсті

Күні: 19:26, 29-05-2019.

Алматы. 29 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,39% -ға 2272,36 -дан 2263,56-ға дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,8 есе түсіп, Т60 млн. немесе $157,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,4%) және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,4%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «KAZ Minerals PLC (-0,8%), «Кселл» АҚ (-1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,7%) акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: