Сәрсенбі күні KASE индексі 0,4%-ға 2362,9-ға түсті

Күні: 18:49, 06-03-2019.

Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,40% -ға 2372,48-ден 2362,88-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 37% өсіп, Т43 млн. немесе $113,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» (+0,01%) АҚ акциясының бағасы көтерілді.
Ал «KAZ Minerals PLC (-0,3%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,3%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,5%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,5%) акциялары төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: