Сәрсенбі күні KASE индексі 0,42%-ға 2380,9-ға түсті

Күні: 19:09, 20-03-2019.

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,42% -ға 2391 -ден 2380,91-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 48,3% өсіп, Т147,8 млн. немесе $390,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+1%), «KEGOC» АҚ (+0,3%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,9%) акциялары өсті.
Ал KAZ Minerals PLC (-0,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,8%), «Кселл» АҚ(-2,1%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,1%) акцияларының бағасы төмендеді.


Жаңалықтармен бөлісу: