Сәрсенбі күні KASE индексі 0,5%-ға 2289,1-ге түсті

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,54% -ға 2301,65 -тен 2289,14-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, Т224,5 млн. немесе $592,4 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Кселл» АҚ (+1,8%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2,2%) акцияларының бағасы өсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,1%), KAZ Minerals PLC (-4,6%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,8%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,5%) акцияларының бағасы түскен.


adimage