Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,62% -ға 2377,85 -тен 2392,61-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 9,5 есе өсіп, Т244,4 млн. немесе $646,6 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%), KAZ Minerals PLC (+1,2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,2%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,4%) акциялары өсті.
Ал «Кселл» АҚ (-0,1%), «KEGOC» АҚ (-0,3%) акцияларының бағасы төмендеді.
Сәрсенбі күні KASE индексі 0,6%-ға 2392,6-ға өсті
