Сәрсенбі күні KASE индексі 0,79%-ға өсіп, 2296,78-ге жетті

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,79% -ға 2278,93-тен 2296,78-ге дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,7 есе өсіп, Т17,6 млн. немесе $45,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,6%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+2,8%), «Кселл» АҚ (+0,2%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+1,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,03%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,3%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-3,2%) және «KEGOC» АҚ (-0,01%) бағасы түсті.

adimage