Сәрсенбі күні KASE индексі 1,1%-ға 2455,3-ке өсті

Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,08% -ға 2429,15-тен 2455,29-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 37,2% өсіп, Т136,8 млн. немесе $360,9 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,8%), KAZ Minerals PLC (+3,4%), «Қазақтелеком» АҚ (+4,7%), «ҚазТрансОйл» АҚ (+0,05%) акциялары өсті.
Ал «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,5%), «Кселл» АҚ (-1,0%), «KEGOC» АҚ (-0,5%) акцияларының бағасы төмендеді


adimage