Сәрсенбі күні Маңғыстау облысында тұман түседі және күн күркірейді

Ақтау. 31 наурыз. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Маңғыстау облысында тұман түседі және күн күркірейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 сәуірде Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күн күркірейді. Ақтауда 1 сәуірде түнде және ертеңгісін тұман күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage