Сәрсенбі күні Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында сәрсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 31 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде қатты ыстық 38 градус күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«31 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ. Батыстан жел соғады күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 31 шілдеде күндіз найзағай, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер

adimage