Сәрсенбі күні Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 22 қаңтарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деп ескертті синоптиктер.

adimage