Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен екі облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен екі облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ: 16 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«16 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 16 казанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауыллды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«16 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 16 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage