Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және үш облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 06 қарашада тұман, көктайғақ сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%. 6 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 6 қарашада таңертең және күндіз тұман, көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
6 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 6 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
«6 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

adimage