Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және тағы тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:01, 04-08-2020.

Астана. 4 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және тағы тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 05 тамызда Ақмола облысында батыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан: күндіз 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 16 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 05 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35 градус сақталады. Шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
«5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады», - делінген хабарда.
Қостанай облысында күндіз 5 тамызда +35+37 қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қостанайда 5 тамызда солтүстік-шығыстан, шығыстан күндіз екпіні 16 м/с жел тұрады.
«5 тамызда Алматы облысында күндіз кей жерлерде +35 қатты ыссы болады. Талдықорғанда күндіз +35 қатты ыссы болады», - деді «Қазгидрометте».
5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 5 тамызда найзағай, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.
«05 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 05 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
5 тамызда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 5 тамыз найзағай, жел солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с күтіледі.
«5 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с», - деді синоптиктер.
Дауылдың ықтималдығы 80-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: