Сәрсенбі күні Қостанай облысында күн күркірейді және күшті жел тұрады

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қостанай облысында күн күркірейді және күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: түнде және таңертең 12 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage