Сәрсенбі күні ШҚО-да найзағай ойнап, жел тұрады

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында сәрсенбі күні найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, Өскемен қ.: 10 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 10 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

adimage