Астана. 8 қаңтар – ҚазТАГ – Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын және қатты желдің күтілуіне орай дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 метр/секундқа дейін жетеді», - делінген хабарда.
Синоптиктердің ақпарынша, Өскеменде 9 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Семейде 9 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын және қатты жел күтіледі
