Сәрсенбі күні Шымкент пен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:57, 02-04-2019.

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Шымкент пен Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталып, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
3 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 3 сәуірде батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«3 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, шығыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 3 сәуірде күндіз жел шығыстан 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудң ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
3 сәуірде күннің екінші жартысында Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
«Шымкент қ.: 3 сәуірде таңертең және күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 3 сәуірде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: