Сәрсенбі күні Қызылорда облысында қатты ыстық және шаңды дауыл күтіледі

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қызылорда облысында қатты ыстық және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік аудандарда 41°С қатты ыстық сақталады», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage