Сәрсенбі күні Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қызылорда және Қостанай облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ сақталады», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.
«4 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage