Сәрсенбі күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«1 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, күн күркірейді. Таразда күндіз 1 сәуірде оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде күн күркірейді», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage