Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі және бейсенбі күндері Алматы маңындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«3-4 шілде аралығында жаңбыр жаууына байланысты, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууына байланысты Алматы қаласының маңындағы аумақта баурайлық ағын қалыптасып, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Құтқарушылар нақтылағандй, болжам «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі негізінде жасалған.
Сәрсенбі және бейсенбі күндері Алматы маңындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін
