Сәрсенбі және жексенбі күндері Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде

Күні: 16:15, 06-08-2019.

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ –Сәрсенбі және жексенбі күндері Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7-8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 7-8 тамызда найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: