Сәрсенбіде Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбіде Атырау облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«28 тамызда күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 28 тамызда Атырауда күн күркіреп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді», - делінген сейсенбіде дауыл туралы ескертуде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 90-95% деп бағалайды.

adimage