Сәрсенбіде Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Сәрсенбіде Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«05 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Шымкент қ.: 05 қазанда күндіз шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Түркістан қ.: 05 қазанда күндіз кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с», - делінген хабарда.
05 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
05 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл, жел шығыстан соғады, екпіні 17 м/с күтіледі.
05 қазанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 2 градус үсік сақталады. Ақтөбе қ.: 05 қазанда түнде 0-2 градус үсік сақталады.
05 қазанда Атырау облысының шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ: 05 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

adimage