Сәрсенбіде Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауады

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - Сәрсенбіде Қазақстанның бірқатар облыстарында жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронтальды учаскелер өтіп, ауа-райы тұрақсыз, өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстігінде нөсер болады», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік жел, оңтүстік-батысқа ығысып, секундына 9-14 метр. Температура түнде + 12 + 14, күндіз + 23 + 25.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Темпера-тур түнде + 13 + 15, күндіз + 25 + 27.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде + 12 + 14, күндіз + 28 + 30.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, желдің күші секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз бұрқасын болады. Күндіз + 20 + 25, түнде + 8 + 13.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, желдің күші секундына 15-20 метр, екпіні 23 метрге жетеді. Күндіз + 18 + 23, түнде + 8 + 12.
Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз + 20 + 25, түнде + 9 + 14.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз + 22 + 27, түнде + 15 + 20.
Батыс Қазақстанда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 16 + 21, түнде + 8 + 13.
Ақтөбе облысында кей жерлерде күндіз жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 18 + 23, түнде + 10 + 15.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз + 23 + 28, түнде + 7 + 12.
Қарағанды облысында күндіз найзағай ойнайды, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 20 + 25, түнде + 10 + 15.
Шығыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, түнде дауыл болады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Күндіз + 22 + 27, түнде + 7 + 12.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 27 + 32, түнде + 11 + 16.
Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 23 + 28, түнде + 13 + 18.
Түнде Қызылорда облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз + 28 + 33, түнде + 12 + 17.
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Күндіз + 25 + 30, түнде + 12 + 17.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз + 24 + 29, түнде + 10 + 15.
«Алдағы күндері республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында өзендердің көпшілігінде су деңгейінің құбылуы болады», - деп ескертті синоптиктер.

adimage