Сәрсенбіде Маңғыстау облысы мен БҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:53, 27-08-2019.

Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбіде Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«28 тамызда түсте Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метр болады», - делінген сейсенбіде дауыл туралы ескерту.
Дауылдың ықтималдығы 90-95% деңгейінде бағаланады.
«28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда 28 тамыздың екінші жартысында күн күркіреп, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95% », - дейді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: