Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ - Синоптиктер Қостанай облысында 28 тамызда күн күркіреп, қатты жел болады деп болжауда, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«28 тамызда түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, оңтүстіктен жел 15-20 м / с соғады», - делінген сейсенбіде дауыл туралы ескертуде.
Синоптиктер дауыл ықтималдығын 90-95% деңгейінде бағалайды.
Сәрсенбіде Қостанай облысында күн күркіреп, қатты жел болады деп болжануда
