Сәрсенбіде Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман және көктайғақ күтілуде

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Түркістан және Қызылорда облыстарында қолайсыз ауа райы салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 қаңтарда Түркістан облысы бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Сондай-ақ, хабарланғандай, 16-18 қаңтарда Қызылорда облысында кей жерлерде тұман сақталады, 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage