Астана. 11 сентября. КазТАГ – Сәрсенбіде Жамбыл облысында үсік пен желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«2018 ж. 21 сағ. 11 қыркүйектен 21 сағ. 12 қыркүйек дейінгі аралығы 12 қыркүйекте түнде Жамбыл облысында кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 12 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі», - делінген сейсенбіде жарияланған дауылды ескертуде.
Тараз қаласы: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Сәрсенбіде Жамбыл облысында үсік пен желдің күшеюі күтіледі
