Алматы. 3 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәтпаевта үш жасар қыз баланың өліміне күдікті әйел ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«27 қарашада 15.00 шамасында Сәтпаев полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жасар қала тұрғыны хабарласып, пәтерінде пышақ жарақаты бар үш жасар қыз баланың денесі жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тұғыл-тергеу тобы ақпаратты растады. Алдын-ала ақпар бойынша сол күні қыз баланы 40 жасар анасы осы пәтердегі танысына қалдырып кеткен екен. Баланың денесін тапқан кезде пәтерде 34 жасар пәтер иесі (әйел) және полицияға қоңырау шалған 43 жастағы онымен бірге тұрып жатқан азамат болған. Ол қатты мас күйде тұрған. Тергеу барысында баланың мәйіті табылған 34 жасар пәтер иесіне қатысты қамау түрінде бұлтартпас шарасы тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлімі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Тиісті сараптама тағайындалды», - деді полицейлер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34