Сәуір-маусымда Қазақстанда АҚШ долларына қатысты бағамның кері әсері кен өндіру саласында күшейді

Күні: 14:55, 21-08-2019.

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Сәуір-маусымда Қазақстанда АҚШ долларына қатысты бағамның кері әсері кен өндіру саласында күшейді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 2-тоқсанында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының кен өндіру өнеркәсібі мен сауда саласындағы шаруашылық қызметіне кері әсері күшейді. Кері әсердің аздаған төмендеуі көлік және қоймалау саласында байқалды», - делінген сәрсенбде таратылған Ұлттық банктің салалық конъюнктуралық шолуында.
Ал теңге бағамының ресей рубліне қатысты өзгерісінің әсері сауда және құрылыс салаларында күшейіп, басқа салаларда өзгеріссіз болды.
«Бағам өзгерісінің әсері ең көп кері ықпалы өңдеу өндірісі, көлік және қоймалау салаларының кәсіпорындарына тисе, ең төмен ықпалы кен өндіру өнеркәсібі саласына тиді», - деп атап өтті қаржылай реттеуші.
Хабарда атап өтілгендей, шетелдік серіктестермен жұмыс істейтін кәсіпорындардың үлесі 70%-дан астам. Ондай кәсіпорындардың үлесі сауда саласында, өңдеу өнеркәсібінде және кен өндіру өнеркәсібінде шамамен орташа 80% құраса, көлік және қоймалау саласында 66%, құрылыс саласында 61,8% құрайды.
«Шетелдік серіктестермен есеп айырысу бойынша кәсіпорындар көбінесе ресей рублін (кәсіпорындардың 52,9%-ы) және АҚШ долларын (кәсіпорындардың 45,8%-ы) пайдаланады. АҚШ долларын көбірек қолданатын тек кен өндіру өнеркәсібі (65,1%), қалған салаларда ресей рублі көбірек қолданылады. 2019 жылдың 2 тоқсанында шетелдік серіктестермен есеп айырысуда теңгені 14,3% кәсіпорын қолданды», - деп хабарлады Ұлттық банктен.


Жаңалықтармен бөлісу: