Сағынтаев Алматыдағы жұмысын неге жезөкшелермен күрестен бастағанын түсіндірді

Күні: 18:17, 29-11-2019.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмысын неге жезөкшелермен күрестен бастағанын түсіндірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Менің қалаға шығуым сіздер айтып отырған (жезөкшелермен күрес үшін емес – ҚазТАГ) мақсат үшін емес еді. Қаланың Түрксіб ауданын араладым, шет жақтарды аралап шықтық, Алматы-1 вокзалының алаңына келдік. Сол жерде халық: «Міне Сейфуллин даңғылы, магистралды даңғыл, алайда кешкісін, түнде шығуға қорқамыз, балаларды жіберуге қорқамыз, себебі алқаштар көп, ауладағы орындықтарда нашақорлар отырады, және жеңіл жүрісті қыздар жүреді. Өтініш: бірдеме істеңізші» деді. Аулаларда біріншісі де, екіншісі де, үшіншісі де болмайтындай бірдеме жасауға тапсырма берілді», - деді Сағынтаев ОКҚ баспасөз мәслихатында Алматыдағы жұмысын неге жезөкшелермен күресуден бастадыңыз деген сұраққа берген жауабында.
Әкімнің айтуынша, тапсырманы орындау барысында бүгін көріп отырғанымыздай Сейфуллин даңғылы өзгеріп жатыр.
«Оларға сол жерде тұруға ыңғайсыз болатындай етіліп, аулалардағы көше шамдары жаңартылуда. Міндет оларды ұстап, алып кету емес, жәй олар тұра алмайтындай орта жасау», - деді қала басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: