Сағынтаев Қазақстанның мемхатшысы болды

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – Экс-премьер Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», - делінген жұмадағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сағынтаев 2016 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін үкімет басшысы қызметін атқарды, ал оның алдында – 2013 жылдың қаңтарынан бастап 2016 жылдың қыркүйегіне дейін бірінші вице-премьер болған, ал оған дейін 2012 жылдың қыркүйегінен бастап 2013 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары болған.
Еске салсақ, 21 ақпанда президент Назарбаев министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін мәлімдеді.
«Жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді», - деп түсіндірді министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін Н.Назарбаев бейсенбі күні.
Сол күні үкіметтің кезектен тыс отырысында сол кездегі премьер-министр Сағынтаев үкіметтің отставаға кететіні туралы хабарлады. Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асырудағы тыңғылықты жұмыстары үшін министрлер кабинетінің мүшелеріне алғысын білдірген Сағынтаев барлығына сәттілік тіледі.
«ҚазТАГ» ХАА атап өткендей, президент Назарбаев үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімді қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс фонында қабылдады.
Қазір премьер-министр қызметін Сағынтаев үкіметінің бұрынғы бірінші вице-премьері Асқар Мамин атқаруда.

adimage